Қызылордада «Отан деп соққан жүректер» атты патриоттық әндер фестивалі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада «Отан деп соққан жүректер» атты патриоттық әндер фестивалі болды

Қызылордада «Отан деп соққан жүректер» атты патриоттық әндер фестивалі болды

Қызылордадағы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына арналған «Отан деп соққан жүректер» атты жастар арасындағы дәстүрлі облыстық патриоттық әндер фестивалі мен облыс жастары әнұраны байқауы өткізілді.

  • 27 Тамыз 2012
  • 495
Фото - Caravan.kz

Оны облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда жастары» қауымдастығы ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты — қазақстандықтардың бойындағы отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді жаңғырту, мемлекеттік тілдің мәртебесін орнықтыруға үлес қосу, Отанымыздың қадір-қасиетін паш етуді ән өнері арқылы жеткізу, рәміздердің 20 жылдығын жастар арасында кеңінен насихаттау болды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Олардың біріншісінде қатысушылар патриоттық тақырыптағы 1 әннен орындаса, келесісінде жергілікті ақындар мен жергілікті композитор шығарған жаңа шығарманы орындады. Байқауға жалпы 15 қатысушы қатысты. Іріктеу туры өткеннен кейін қорытынды концерттің уақытына дейін қатысушылар облыс орталығы қаласына экскурсияға шықты. Қызылорда қаласының әсем жерлерін тамашалаған аудандардан келген қатысушылар, кешкілік қорытынды концертке керемет көңіл күймен келді. Тартысты өткен байқаудың қорытындысында бірінші орынды қызылордалық Әйгерім Өмірбек жеңіп алса, екінші және үшінші орындарға тиісінше қазалылық Бақыткелді Нәдіров пен аралдық Сымбат Жетесова орналасты. Ынталандыру сыйлықтарын қызылордалық Айкүміс Бөлеген, аралдық Назгүл Мейірхан, жаңақорғандық Ержігіт Әділбек еншіледі.

Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Перейти к новостям спорта