Астанада ядролық қарусыздану халықаралық конференциясы аясында үлкен концерт өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ядролық қарусыздану халықаралық конференциясы аясында үлкен концерт өтеді

Астанада ядролық қарусыздану халықаралық конференциясы аясында үлкен концерт өтеді

Ертең Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 18.30-да «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге» халықаралық конференциясы шеңберінде үлкен концерт өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 29 Тамыз 2012
  • 465
Фото - Caravan.kz


Концертте Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтаң лауреаты Ескендір Хасанғалиев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Айгүл Ниязова, Жәмила Жарқымбаева, Мәдина Баспаева, Гүлзира Бөкейхан, республикалық конкурстардың лауреаты Бибігүл Сауытова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Біржан Хасанғалиев, Андрей Трегубенко, Айдос Жабағин, Олег Татамиров, Нұржан Бажекенов, Эльмира Ахмедьярова, Саджана Мырзалиева, Зарина Рүстемова, Елена Низамутдинова, Айзада Қапонова, сондай-ақ ҚазҰӨУ «Елигай» хоры және скрипкашылар ансамблі, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптар және симфониялық оркестрі, К. Байсейітова атындағы ҰОБТ балет труппасы және хоры, «Серпер» домбырашылар ансамблі және «Тұран» этно-фольклорлық тобы өнер көрсетеді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта