Астанада «ЮНЕСКО клубы» атанған Балалардың көркемсурет мектебінің көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «ЮНЕСКО клубы» атанған Балалардың көркемсурет мектебінің көрмесі ашылды

Астанада «ЮНЕСКО клубы» атанған Балалардың көркемсурет мектебінің көрмесі ашылды

Бүгін Астанада қалалық Қазіргі заманғы өнер мұражайында Балалардың көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы түлектерінің шығармашылық жұмыстарына арналған көрме ашылды.

  • 31 Тамыз 2012
  • 452
Фото - Caravan.kz

Жыл сайын өтетін дәстүрлі көрмеге 15-17 жастағы мектептің биылғы түлектерінің дипломдық жұмыстары шығарылып отыр. Мұнда жастардың майлы бояу мен акварель суреттері, сондай-ақ қолөнер бұйымдары бар. Іс-шара барысында мектептің үздік түлектерін марапаттау рәсімі өтті. Ал көрмеге келген қонақтарға шығармашылық жұмыстардың альбомдары таратылды. Көрме қыркүйектің 2-сіне дейін жалғасады.

Астана қалалық Балалардың көркемсурет мектебінің құрылғанына биыл 29 жыл толып отыр. Осы уақытқа дейін оқу орнының түлектері көптеген халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып, бүгінде сәулет және дизайн саласында табысты еңбек етіп келеді. 2008 жылы ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен Балалардың көркемсурет мектебіне «ЮНЕСКО клубы» мәртебесі берілді.

Перейти к новостям спорта