Қызылорда облысында өтетін «Ақмаңдайлым» ән байқауына «Қаратөбе» квинтеті қатыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында өтетін «Ақмаңдайлым» ән байқауына «Қаратөбе» квинтеті қатыспақ

Қызылорда облысында өтетін «Ақмаңдайлым» ән байқауына «Қаратөбе» квинтеті қатыспақ

Биылғы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы ауданында өтетін Қазақстан Республикасының халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы ІІ республикалық «Ақмаңдайлым» ән байқауында Батыс Қазақстан облысының намысын Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы «Қаратөбе» квинтеті қорғамақ.

  • 7 Қыркүйек 2012
  • 658
Фото - Caravan.kz

Аталмыш ән байқауының шарты бойынша «Қаратөбе» квинтеті бірінші бөлімде Роза Бағланованың репертуарынан Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың әні «Іңкәрімді» орындамақшы.

Екінші бөлімде Ескендір Хасанғалиевтің әндерінен попурри орындамақ жоспары бар.

«Қаратөбе» квинтеті биыл Оралда өткен Е.Хасанғалиев әндерін орындаушылардың дәстүрлі «Атамекен» фестивалінде бірінші орынды иеленген болатын.

Перейти к новостям спорта