Астанада «Ұлы Дала Сазы» дәстүрлі орындаушылардың халықаралық фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Ұлы Дала Сазы» дәстүрлі орындаушылардың халықаралық фестивалі өтеді

Астанада «Ұлы Дала Сазы» дәстүрлі орындаушылардың халықаралық фестивалі өтеді

14 қыркүйекте сағат 18.00-да Астана қаласындағы К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы 2012» Жылы аясында «Ұлы Дала Сазы» дәстүрлі орындаушылардың халықаралық фестивалі өтеді,

  • 12 Қыркүйек 2012
  • 449
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Концертте ҚР халық артисі Қайрат Байбосынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Шүкіманов, А.Алматов тәрізді дәстүрлі әншілер мен ҚР еңбек сіңірген артисі А.Үлкенбаева, ҚР Мәдениет қайраткері Ж.Жүзбаев тәрізді дәстүрлі күйшілер және түркі тілдес елдердің өнерпаздары өнер көрсетеді. Концерттік бағдарламаға Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір, Тәттімбет сияқты танымал дәулескер күйшілердің күйлері және қазақтың дәстүрлі (Арқа, Батыс, Жетісу, Сыр) әндері енгізілген.

Концертке ТҮРКСОЙ-дың, Түркі тілдес елдердің ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының, Халықаралық Дәстүрлі Музыка ұйымының басшылығы және шет елдерден музыка зерттеушілері қонақ ретінде шақырылып отыр.

Іс-шараның басты мақсаты — әлемдік музыка өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі музыкасын, соның ішінде әні мен күйін жан-жақты насихаттау, дәстүрлі музыкаға жүйелі түрде қамқорлық жасау және түркі халықтары арасындағы мәдениет байланысты жақындата түсу және т.б. болып табылады.

Екі жылда бір рет өткізіліп келе жатқан дәстүрлі фестивальдің ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Перейти к новостям спорта