«Қаллеки» театры фестивальге барады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қаллеки» театры фестивальге барады

«Қаллеки» театры фестивальге барады

13 -24 қыркүйек аралығында Орал қаласында қазақ өнерінің хас тұлғасы, режиссер, халық қаһарманы - Ә.Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX республикалық фестивалі өтеді.

  • 13 Қыркүйек 2012
  • 394
Фото - Caravan.kz

Осы мәдени іс-шараға елорданың Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры да қатысып, өз өнерлерін ортаға салмақ.

Аталмыш фестивальге Қаллеки театры — Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты» трагедиясымен қатысып бақ сынамақ. Қоюшы режиссері — Нұрлан Жұманиязов.

Фестивальдің шымылдығын Қаллеки сахнасында режиссер, қазақ өнерінің хас тұлғасы, халық қаһарманы Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің режиссерлігімен қойылған «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы ашады. Қойылым 2003 жылдан бері театр сахнасында қойылып келеді.

Биыл қазақ өнерінің хас тұлғасы, режиссер Ә.М. Мәмбетовтің 80 жылдық мерейтойы, өзі бақилық болса да, Қаллеки театры сахнасында қойып кеткен спектакльдері бүгінгі күнге дейін көрермен көз алдында ғұмыр кешіп келеді. Ұлы тұлғаның еңбектерін ұрпағына насихаттау, ұмыт қалдырмау мақсатында театр сахнасында суреткер шығармашылығындағы — драматург М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы мен Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмалары сахналанып келеді. Хас тұлғаның мерейтойының құрметіне Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры XXII жаңа мауысымын 10 қазан күні сағат 16.30 — да Ш.Айтматовтың шығармасы бойынша, режиссер, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің режиссерлігімен қойылған «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасымен ашылады.

Алдағы жаңа маусым алдында театр ұжымы — Алматы, Қостанай қалаларында өтетін республикалық және халықаралық фестивальдерге қатысуды жоспарлап отыр. Сол сияқты қазақ театр өнерін әлемге таныту мақсатында қараша айында Түркия мемлекетіне гастрольдік қойылыммен барып қайтпақшы.

Театрдың қалыптасқан дәстүрі бойынша жаңа маусым қарсаңында Қаллеки театрының актерлары мен актрисалары — ЖОО, колледждер мен мектептердегі көрермендерімен көптеген кездесу кештерін бастап кетті.

Перейти к новостям спорта