Алматыға ОАР мен АҚШ президенттерін кинода сомдаған америкалық актер келді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға ОАР мен АҚШ президенттерін кинода сомдаған америкалық актер келді

Алматыға ОАР мен АҚШ президенттерін кинода сомдаған америкалық актер келді

Егер Қазақстанда мықты кинемотографиялық база мен өндіріс болса, кез келген актердің жұмыс істеуіне мүмкіндік туады.

  • 17 Қыркүйек 2012
  • 435
Фото - Caravan.kz

VIII «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінің қонағы американдық актер Деннис Хейсберг кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Бұл менің Қазақстандағы алғашқы сапарым. Мен өзімді жиһангезбін деп санаймын. Актер ретінде маған мұндай болып, әлемнің өзге бөлігіндегі басқа адамдардың немен айналасатынын көзбен көру үлкен құрмет. Болашақта бірлескен өніміміз де болып қалуы мүмкін», — дейді Д.Хейсберг. «24 сағат» телесериалында АҚШ президенті Дэваид Палмерді, ал «Қош бол Бафана» көркем фильмінде ОАР президенті Нельсон Манделаның рөлін сомдаған американдық киножұлдыздың сөзіне қарағанда, болашақта Қазақстанда енді қонақ ретінде емес, актер ретінде жұмыс істеуге келуден үміті өте зор. Егер саясатқа араласатын болса кинемотографистердің өзара жақындасуына үлес қосуға ықпал ететінін айтқан Деннис Хейсберг: «Нельсон Манделаның рөлін сомдауды ұсынған кезде алғашқыда мен бұған лайықты емеспін деп ойладым. Дегенмен бұл актердің міндеті екенін түсіне отырып, оны жақсы пішінде ойнап шығуға бар күш-жігерімді жұмсадым. Түсірілім кезінде президентпен кездесуге мүмкіндігім болған. Бірақ одан бас тарттым. Өйткені бұл кездесу әйгілі қайраткердің рөлін сомдауыма өз ықпалын тигізер еді. Әйтсе ерте ме, кеш пе бәрібір онымен бір кездесетініме әлі үміттімін», деді.

Перейти к новостям спорта