«Балалық шағымның аспаны» фильмі Ташкентте «Қазақ киносының күндерін» ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Балалық шағымның аспаны» фильмі Ташкентте «Қазақ киносының күндерін» ашты

«Балалық шағымның аспаны» фильмі Ташкентте «Қазақ киносының күндерін» ашты

Өзбекстан астанасында Қазақ киносының күндері «Балалық шағымның аспаны» фильмінің көрсетілімімен басталды.

  • 18 Қыркүйек 2012
  • 626
Фото - Caravan.kz

Дүйсенбі, 17 қыркүйек күні «Алишер Новои атындағы Кино сарайы» кинотеатрында «Өзбекстандағы қазақ киносының» салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара «Өзбеккино» Ұлттық агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігімен ұйымдастырылды.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР-ның ӨР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бөрібай Жексембин бұл іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуына орайластырылғанын атап өтті.

«6-7 қыркүйек күндері Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов Қазақстанда ресми сапармен болғаны белгілі. Мемлекеттер басшыларының бұл кездесуі екі ел ықпалдастығын жаңа деңгейге көтеріп, серпін берді», — деп атап өтті ол.

Б.Жексембин атап көрсеткендей, алдағы күндері қазақстандық жаңа буын режиссерлардың картиналары, сондай-ақ кеңес кезінде түсірілген «Қыз жібер» фильмі көрсетілетін болады.

Бұдан бөлек, Ташкент кинотеатрында «Жерұйық», «Біржан сал», «Серкер» қазақ фильмдері көрсетілмек.

Перейти к новостям спорта