Астанада өткен «Ұлы дала сазы» фестиваліне Батыс Қазақстаннан Ермек Қазиев пен Асхат Оразов қатысып қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өткен «Ұлы дала сазы» фестиваліне Батыс Қазақстаннан Ермек Қазиев пен Асхат Оразов қатысып қайтты

Астанада өткен «Ұлы дала сазы» фестиваліне Батыс Қазақстаннан Ермек Қазиев пен Асхат Оразов қатысып қайтты

Астанада өткен «Ұлы дала сазы» дәстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық фестиваліне Батыс Қазақстан облысынан белгілі домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев пен әнші, республикалық байқаулардың лауреаты Асхат Оразов қатысып қайтты.

  • 19 Қыркүйек 2012
  • 516
Фото - Caravan.kz

Фестивальда Ермек Қазиев Құрманғазының «Бұлбұл» күйін орындаса, Асхат Оразов Мұхиттың әнін шырқады. «Фестиваль барысында әр тараптан келген орындаушылар сол өңірдің туындыларын ұсынды. Бұл ретте Батыс Қазақстанның да өзіндік күй және ән дәстүрі бар. Біз соны өз қалпында жеткізуге тырыстық. Концерт соңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай бәріміздің қолымызды алып, мерейімізді бір өсіріп тастады. Министрліктің мақтау қағазы мен «Алтын қобыз» сыйлығы табыс етілді», деді домбырашы Е.Қазиев.