Фестиваль Металлургтер мәдениет сарайында өтеді. Патриоттардың 3 күндік ән байқауы түсте гала-концерт қонақтары мен қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен өтетін баспасөз мәслихатынан басталады. Одан кейін фестивальдің салтанатты ашылуы мен оның бірінші кезеңі басталады.
Келесі күні кешқұрым аталмыш концерттік алаңда фестивальдің 2-ші кезеңі өтеді.
Жұма, 21 қыркүйек күні Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты халықаралық фестивалінің гала-концерті өтеді. Оған Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Толқын Забирова, ҚР еңбегі сіңген әртістер Медеу Арынбаев, «Орда» тобы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының орындаушылары Берік Омаров, Гүлдана Ноғайбаева, Вячеслав Ткач, Қалиқайдар Медет пен басқа да өнер тарландары қатысады.
Айта кетейік, әйгілі композитордың шығармашылығында 300-ден астам туынды бар.