Астана төрінде «Қазағымның ән-жыры, көңілімнің жан нұры» атты дәстүрлі ән концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана төрінде «Қазағымның ән-жыры, көңілімнің жан нұры» атты дәстүрлі ән концерті өтеді

Астана төрінде «Қазағымның ән-жыры, көңілімнің жан нұры» атты дәстүрлі ән концерті өтеді

17 қазан, сәрсенбі күні Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залында («Шабыт» сарайы, сағат 19-00) «Қазағымның ән-жыры, көңілімнің жан нұры» атты дәстүрлі ән концерті өтеді.

  • 9 Қазан 2012
  • 807
Фото - Caravan.kz

Бұл өнер шеберлерінің қатысумен өтетін кешке әйгілі «Қоңыр» тобы қатысады.

Елорда көрермендері алдында ҚР Халық әртісі Қажыбек Бекбосынов, мәдениет қайраткері, танымал айтыс ақыны, әнші Қатимолла Бердіғалиев, еліміздің еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева атақты сазгер Мұхит Мерәліұлы мен Ғарифолла Құрманғалиевтің әндерін шырқайды деп күтілуде.
Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, белгілі әнші Қапаш Құлышева мен еліміздің еңбек сіңірген әртісі Светлана Мырзабаева қазақ композиторларының дәстүрлі әндерін орындайды.
Сондай-ақ ашық дауысымен елге танылып жүрген Жаңабай Өтегенов пен Данияр Сағынтаевтар жиналған өнер сүйер қауым алдында асқақ әндер шықрайды.
Бұл концертке Қазақ ұлттық өнер университетінің ән бөлімінің студенттері де қатысатыны жоспарланып отыр.

Перейти к новостям спорта