Астанада IV халықаралық скрипкашылар байқауы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада IV халықаралық скрипкашылар байқауы өтеді

Астанада IV халықаралық скрипкашылар байқауы өтеді

15-19 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен Астана қаласында IV халықаралық скрипкашылар байқауы өтеді.

  • 14 Қазан 2012
  • 453
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Байқауға Қазақстан мен шет елдердің скрипкашылары, арнайы оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысады. Қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді: жеткіншектер тобы (10 — 15 жас аралығы) және ересектер тобы (16 — 28 жас аралығы).

Қатысушылар И.С.Бах, Н.Паганини, И.Брамс, П.Чайковский, Д.Шостакович сынды ұлы композиторлардың шығармаларын орындайды.

Байқау 15 қазан күні сағат 17.00-де Қазақ Ұлттық өнер университетінің Орган залында басталып, 19-ы күні сағат 17.00-де байқау жеңімпаздарының салтанатты гала-концертімен
аяқталады.

Қазылар алқасы құрамына белгілі және атақты скрипкашылар — Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева, Эдуард Грач (Ресей), Сергей Кравченко (Ресей), Александр Винницкий (Финляндия), Анатолий Баженовтар (Украина) енді.

IV Халықаралық скрипкашылар байқауының басты мақсаты — классикалық музыканы дәріптеу, скрипка өнерін насихаттау, қазақстандық жас талантты скрипкашыларды жоғары деңгейге көтеру және Қазақстанның мәдени абыройын арттыру.

Перейти к новостям спорта