Астанадағы халықаралық скрипкашылар байқауының жеңімпазы 7 мың доллар алады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы халықаралық скрипкашылар байқауының жеңімпазы 7 мың доллар алады

Астанадағы халықаралық скрипкашылар байқауының жеңімпазы 7 мың доллар алады

Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен Астана қаласында IV халықаралық скрипкашылар байқауы басталды.

  • 16 Қазан 2012
  • 514
Фото - Caravan.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Музыка өнері басқармасының бастығы Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, байқауға Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Жапония елдерінен барлығы 20-ға тарта скрипкашы қатысуда. Байқау бағдарламасы бойынша өнерпаздар И.С.Бах, Н.Паганини, И.Брамс, П.Чайковский, Д.Шостакович сынды ұлы композиторлардың шығармаларын орындайды. Гран-при иегері арнайы жеңімпаз дипломымен қатар, 7 мың АҚШ долларына ие болады. Бірінші орынға қол жеткізгені 5 мың, екінші орын — 3,5 мың, үшінші орын — 2,5 мың АҚШ долларын алады.

Қазақ Ұлттық өнер университетінің Орган залында басталған шара, 19 қазан күні сағат 17.00-де байқау жеңімпаздарының салтанатты гала-концертімен аяқталады.

Қазылар алқасы құрамына белгілі және атақты скрипкашылар — Қазақстанның халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева, сонымен қатар Эдуард Грач (Ресей), Сергей Кравченко (Ресей), Александр Винницкий (Финляндия), Анатолий Баженовтар (Украина) енді.

IV Халықаралық скрипкашылар байқауының басты мақсаты — классикалық музыканы дәріптеу, скрипка өнерін насихаттау, қазақстандық жас талантты скрипкашыларды жоғары деңгейге көтеру және Қазақстанның мәдени абыройын арттыру болмақ.

Перейти к новостям спорта