Мәскеуде «Қазақфильм» киностудиясының картиналары көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде «Қазақфильм» киностудиясының картиналары көрсетілді

Мәскеуде «Қазақфильм» киностудиясының картиналары көрсетілді

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының картиналары Мәскеуде Ресейлік кино қорымен Red Square Screenings халықаралық киноиндустриясының хас-шеберлері үшін ұйымдастырылған ауқымды көрсетілімдер аясында ұсынылды.

  • 19 Қазан 2012
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақфильмнің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жетекші шетелдік дистрибуторлар, sales-агенттіктер, халықаралық баспасөз және фестивальдік іріктеушілер үшін Ресей және ТМД елдерінің жаңа киножобаларының көрсетілімі өткізілген жыл сайынғы халықаралық іс-шара 15-20 қазан аралығында өтуде. Red Square Screenings қатысушылары шараның серіктестері — Украина мен Қазақстанның жаңа фильмдерімен танысады. Кинобайқауда Украинаны Кинематография мәселелері жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Екатерина Копылова, Қазақстанды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаев таныстыруда.

Шара аясында киностудияның соңғы жылдары түсірген фильмдері «Жаужүрек мың бала» (режиссері Ақан Сатаев), «Ликвидатор» (режиссері Ақан Сатаев), «А-ға оралу» (режиссері Андрей Михалков-Кончаловский), «Сырлы орман» (режиссері Ахат Ыбыраев!, «Виртуалды махаббат» (режиссері Әмір Қарақұлов) көрсетілді.
Көрсетілім үшін таңдалған барлық картиналар соңғы жылдары түсірілген басқа да жүздеген ресейлік фильмдермен бірге видеокітапханада іс-шара өткізілетін күндері және жыл бойы онлайн режімінде қолжетімді болады.

Перейти к новостям спорта