2 адамды таптап өткен жүрдек пойыз жүргізушісі еркіндікте жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 адамды таптап өткен жүрдек пойыз жүргізушісі еркіндікте жүр

2 адамды таптап өткен жүрдек пойыз жүргізушісі еркіндікте жүр

Алматы облысында екі адамды таптап өткен жүрдек пойыз машинистінің еркіндікте жүргеніне марқұмның туыстары қапалы. Олар құзырлы орган жақындарымыздың қазасын жылы жауып қойды дейді. Өйткені оқыс оқиға бойынша құзырлы орындар тексеру жүргізіп жатқанымен, жолды белгіленбеген жерден кескен марқұмдардың өздері деген алдын ала қорытынды шығарылып отыр. Сондықтан жауаптылар тағы жазадан сытыла ма деп алаңдаулы жәбірленуші жақ.   

  • 26 Қаңтар 2013
  • 480
Фото - Caravan.kz

Сағиевтар әулиеті екі бірдей жақындарынан бір-ақ күнде айырылып қалғандарына әлі күнге сене алар емес. Қайғылы оқиға өткен жұма күні таңғы жетілер шамасында болыпты. 38 жастағы Гүл Өмірсерікқызы мен оның 18 жастағы жалғыз ұлы Боралдай бекетінде жүрдек пойыз басып кеткен. Бірақ туыстары қаралы хабарды тек кешке естиді.

Нүкен Иманбаева, марқұмдардың туысы:

— Не деген тас жүрек адамдар, адамды өлтіріп отырып ешкім хабар айтпайды бізге. Не станцияның адамдары келіп айтқан жоқ.

Алғашында мәйітханаға кіре алмай сабылған марқұмдардың туыстары арыз да жазбаған. Ішкі істер қызметкерлері табылдырықтан аттапайды дейді. Түсініксіз жағдайда жантәсілім еткен ана мен баланың мүрдесін теміржол қызметкерлері суретке түсіріп, кейін туыстарына беріпті. 

Екі адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға дәл мына көпірдің үстінде орын алған. Жүрдек пойыздың жылдамдығының жоғары болғаны сонша қол ұстасқан ана мен баланы бірнеше метрге лақтырып жіберген. Темір жол қызметкерлері кейін мүрдені мына ағаштардың арасынан тауып алған.

Екі адамды езіп кеткен Тальгоның тізгінінде болған машинисттің есімін жасырын ұстауда құзырлы орган. Белгілісі ол тергеу аяқталғанша емін еркін жұмыс жасап жүре береді.


Ержан Жандосов, Жетісу көлік прокурорының көмекшісі:

— Алдын ала ақпарат бойынша айтатынымыз ана мен баланың пойыздың астына түсу оқиғасы өздерінің абайсыздығынан және белгіленбеген жерден өтуіне байланысты болып отырғандығы белгілі. Толық ақпарат тергеу амалдары біткеннен кейін белгілі болады.

Көлік прокуратурасы соңғы жылдары қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдырынан пойыздың астына түсіп қаза тапқандар саны артып кетті деп отыр. Тек соңғы бір жылдың өзінде осындай 194 оқиға тіркеліп, 63 адамның өмірі қиылған. Ал сол үшін жазаланып жатқандар жоқтың қасы. Көбіне тарсылдап келе жатқан пойызды байқамаған марқұмның өзі кінәлі болып шығады екен.