Астанаға Майкл Джексонның хореографы Поппин Пит келді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға Майкл Джексонның хореографы Поппин Пит келді

Астанаға Майкл Джексонның хореографы Поппин Пит келді

Бүгін Астанада қала күніне орай «Көше биі» халықаралық фестивалі өтеді.

  • 5 Шiлде 2013
  • 572
Фото - Caravan.kz

 Оған ТМД елдерінен және Қазақстанның барлық өңірлерінен 400-ден астам бишілер келген. Фестивальға қатысуға Франция, Корея және АҚШ елдерінің бишілері қонаққа шақырылды.

Олардың қатарында шараның құрметті қонақтары және төрелік етушілердің қатарында Popping стилінің негізін қалаушы, Майкл Джексон, Джанет Джексон, Джастин Тимберлейк секілді жұлдыздардың хореографы, Крис Браун мен The Black Eyed Peas тобының клиптерінде түскен биші Поппин Пит, атақты Крис Браун, Тони Брекстон, Уэйн Бреди, Касси Дэвис, Бодди Валентино сынды әншілердің және Pussycat Dolls тобының бейнеклиптерінде түскен, көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері Майкл Дуо, сонымен қатар Джастин Бибер, Пинк сынды танымал әншілердің сүйікті бишісі, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Аджа Джордж және тағы басқалары бар.

«Ең басты мақсатымыз — бидің батл, хауз, хип-хоп сынды түрлерін дамыту, Қазақстандағы көше билерінің танымалдығын арттыру», — дейді фестивальдің ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Тәшенов.

Оның айтуынша, жарыс батл, хип-хоп, бакинг, попинг және хауз аталымдары бойынша өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 2,2 млн. теңгені құрап отыр. Ең басты «Командалық хип-хоп шоу» аталымының жеңімпаздарына жүлденің негізгі бөлігі — 1 млн. теңге беріледі.


«Биыл біз фестивальға бірнеше жаңа сыйлықтарды тағайындадық. Соның бірі — «Продюсер кубогі». Ол жүлдеге ілікпей қалған, алайда әлеуеті зор бишіге немесе хореографқа табысталады. Сонымен қатар «Жыл бишісі» сыйлығы жыл бойы ел намысын халықаралық ареналарда сәтті қорғап келген ең үздік бишіге беріледі», — деп түйді сөзін Н.Тәшенов.

Перейти к новостям спорта