Оқыс жағдай мамыр айында болған-ды. Қансырап жатқан сарбаз 162/2 түзету мекемесіндегі қарауыл мұнарасында табылған. Ол кезде әскери бөлім басшылығы, Қайыржанов көкірегіне бір рет атты деген еді. Алайда, мына кадрлерде сарбаздың 5 рет оқ жаудырғаны шұрық-тесік мұнара мен қан іздерінен анық көрінеді. Қатардағы жауынгер қауіпсіздік ережесін сақтамады деген тергеушілер қылмыстық істі жапқан. Енді нұсқаулықты дұрыс жүргізбеген офицерлерді жауапқа тарту мәселесі шешіліп жатыр. Естеріңізге салсақ, 20 жастағы Талғат Қайыржанов әскер қатарына былтыр Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан шақыртылған болатын.