Корейлік танымал «I MAESTRI» ерлер хоры Алматы мен Астанада өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Корейлік танымал «I MAESTRI» ерлер хоры Алматы мен Астанада өнер көрсетеді

Корейлік танымал «I MAESTRI» ерлер хоры Алматы мен Астанада өнер көрсетеді

Осы айдың 27 және 29 күндері Алматы мен Астана тұрғындары корейлік танымал «I MAESTRI» ерлер хорының бірегей концертін тамашалай алады. Аталған мәдени шара Корея Республикасы мен Қазақстанның арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған мезеттен бергі Корей Үкіметі ұйымдастырып отырған ең ірі мәдени шара болмақ.

  • 12 Тамыз 2013
  • 399
Фото - Caravan.kz


Айта кетерлігі, «I MAESTRI» ерлер хоры 2006 жылдың мамыр айында құрылған болатын. Оның құрамында Кореяда, сонымен қатар Жапония, Ресей, Қытай сынды елдерде де бірнеше мәрте концерт берген корей өнер университеттерінің 60 профессоры бар.

Концерт 27 тамыз күні Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында және 29 тамыз күні елордадағы Конгресс-Холл сарайында өтеді. Онда корейлік ерлер хорымен қатар Қазақстанның опера әншісі Нұржамал Үсенбаева және Қазақ ұлттық өнер университеті мен П. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің вокалшылары өнер көрсететін болады.

Перейти к новостям спорта