Қазақстан Премьер-лигасы 23-ші туры ойындарының басталатын уақыты белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Премьер-лигасы 23-ші туры ойындарының басталатын уақыты белгілі болды

Қазақстан Премьер-лигасы 23-ші туры ойындарының басталатын уақыты белгілі болды

Футболдан Казақстан Премьер-лигасының 23-ші туры 17 және 18 тамызда өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 14 Тамыз 2013
  • 471
Фото - Caravan.kz

Ел біріншілігінің екінші кезеңіндегі алғашқы матч 17 тамызда елордада өтеді. «Астана» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Ойынның басталуы 17.00-де.

Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен турнирлік кестеде көш басында келе жатқан «Ақтөбе» арасындағы ойын сағат 17:30-да басталады

18 тамыз күні тағы төрт кездесу өтеді. Қостанайлық «Тобыл» талдықорғандық «Жетісуді» қабылдаса, ал өскемендік «Восток» «Таразбен» сынға түседі. Екі ойын да сағат 17:00-де басталады.

«Атырау» пен оралдық «Ақжайық» арасындағы ойын сағат 19:00-де, ал алматылық «Қайрат» пен павлодарлық «Ертіс» матчы сағат 19:30-да бастау алады.


Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кезеңнен кейін 24 ұпаймен «Ақтөбе» топ бастап тұр. Екінші және үшінші орындарға жайғасқан «Астана» мен «Шахтердің» үш ұпайы кем.