"Қыз Жібек өз-өзіне қол салмаған, одан ұрпақ қалған": Этнограф әйгілі эпос кейіпкерінің шын өмірі туралы тарихи құпияны ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыз Жібек өз-өзіне қол салмаған, одан ұрпақ қалған": Этнограф әйгілі эпос кейіпкерінің шын өмірі туралы тарихи құпияны ашты

"Қыз Жібек өз-өзіне қол салмаған, одан ұрпақ қалған": Этнограф әйгілі эпос кейіпкерінің шын өмірі туралы тарихи құпияны ашты

Танымал этнограф, тарихшы Зира Наурызбай атақты "Қыз Жібек-Төлеген" лиро-эпостық жырының кейіпкерлеріне қатысты құпияны ашты.

  • 23 Шiлде
  • 6
Фото: Instagram/ zhuldyzlight

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы этнограф жергілікті подкастқа берген сұхабаттарының бірінде мәлімдеді.

«Қыз Жібек өз-өзіне қол жұмсамаған. Ол тек Төлегенге тұрмысқа шықпаған, ол жалпы Жағалбайлы еліне тұрмысқа шыққан. Ол осы рудың анасы ретінде, осы рудың ұрпағын жалғастыру керек екенін білген.

Ол Төлегеннің кіші інісі — Сансызбай бар екенін білді. Бірақ Сансызбай оның соңынан келмеген. Сөйтіп, ол Сансызбайға кісі жіберіп, оны күтетінін айтқан.

Сөйтіп ол Сансызбайға тұрмысқа шыққан, сөйтіп олардан тіпті ұрпақ тараған. Қазақта әмеңгерлік жолмен осылай жесір қалғандарды тұрмысқа сол үйдің адамына беріп отырған. Көп жағдайда әйелдер марқұм күйеуінің кіші інісіне тұрмысқа шыққан.