Куба бүгін Фидель Кастроның 87 жасқа келуін көптеген мәдени және спорттық шаралармен атап өтті, деп бүгін жергілікті БАҚ мәлімдеді.
Ф.Кастроға арналған концерт Марианна Гонич атындағы Ұлттық ән орталығында өтті. Гавана аудандарының бірінде «Фидель Кастро, идеялар сарбазы» атты кітабы таныстырылды, Куба астанасында «Біз білетін Фидель» фотокөрмесі ашылды.
Кубалық төңкеріс лидерін латынамерика елдерінің жоғары лауазымды тұлғалары құттықтады.
Туған күн иесінің өзі бұл мерекесін әдеттегідей отбасымен өткізуді жөн көрді.