ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылыстары энергия үнемдеуші құрылыстар болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-2017 көрме кешенінің құрылыстары энергия үнемдеуші құрылыстар болмақ

Астанада ЭКСПО-2017 көрме кешенінің эскиз-идеясы мен көрменің үздік рәмізін анықтауға арналған сәулеттік конкурсқа ұсынылған жұмыстардың көрмесі ашылды.
           Тұтас алғанда бұл конкурсқа 50 шақты қазақстандық және шетелдік сәулетші жұмыстарын ұсынған, деп хабарлады конкурстық кеңестің мүшесі, Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сағындық Жамболатов журналистерге көрме аясында.
           Бүкіл жұмыстардың ішінен техникалық кеңес талапқа сай келеді, деп танылған он жұмысты атады, деді ол.
           "Әдемі сәулеттік композициямен қатар құрылыстар біздің көліктік коммуникацияларды ескере отырып, қаланың үйлесімділігін бұзбауға тиіс. Екінші маңызды тармақша-энергия үнемдеу, әр ғимарат өздігінен энергия өндіруге тиіс, яғни автономды болуы шарт, бұл тұрғыдан алғанда кешен қалаға тәуелді болмауға тиіс", деді сәулетші.
           Ендігі бір маңызды талап, бүкіл құрылыстар көрмеден соң да пайдалануға болатындай салынуға тиіс.
           Алдын-ала белгілі болғандай, конкурсқа әлемнің 20 елінен жүзден аса өтініш түсті, деп хабарлады ЭКСПО-2017 баспасөз қызметі.
           Конкурсанттардың жұмыстарына танымал экономист Джереми Рифкин басшылығымен өткен техникалық кеңес баға берді. Сондай-ақ эскиз-идеялар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да көрсетілді.
           Үздік, яғни артынан сәулеттік кешеннің негізін құрайтын эскиз-идея авторы 150 мың доллар алады. Конкурс нәтижелері биыл қыркүйек айында шығарылады.

  • 14 Тамыз 2013
  • 749
Фото - Caravan.kz