СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Мәскеуде өтіп жатқан жеңіл атлеттер додасы белортасына жақындады.   Кезекті жарыс күні үміткерлер жеті бірдей медальдар топтамасын сарапқа салды. Оның ішінде көпшілік қызыға тамашалаған бәсеке сырықпен секіру секторында орын алды.

  • 15 Тамыз 2013
  • 298
Фото - Caravan.kz

Мұндағы негізгі тартыс америкалық Дженнифер Сур мен кубалық Ярисла Сильва және ресейлік Елена Исинбаева арасында өрбіді. Дегенмен Дженниффер Сур мен Ярисла Сильва 4 м 82см биіктіктен әріге бара алмады. Есесіне бірінші әрекеттен 4 метр 89 см бағындырған Исинбаева осымен үшінші рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Мұнымен тоқтамаған олимпиадалық ойындардың екі дүркін жеңімпазы өз рекордын жаңартуға бел буды. Бірақ 5 м 06 см биіктік чемпионға бағынбады. 20-шақырымға  спорттық жүрістен жарысқан әйелдер бәсекесінде алғашқы екі орынды Ресей атлеттері иеленді. Осы додаға қатысқан жерлестеріміздің арасында ең үздік нәтиже көрсеткен   Айман Қожахметова 27- орыннан табылды. Ал, Галина Кичигина мәре сызығын 38- қиса, Шолпан Қожахметова 55 орынды місе қылды. 

 

 

Әзірге  жалпы командалық есепте АҚШ құрамасы алда келеді. Олардың қоржынында  4 алтын , бес күміс және бір қола медаль бар.  Төртінші алтынды 400 метрге жарысқан ерлер арасында озып шыққан  Лашон Меритт тарту етті.

Күміс медальды тағы бір америкалық желаяқ Тони Маккуэй  иемденсе, доминикандық Лугелин Сантос тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. 800 метрлік дистанцияға жүгіруден сынға түскен ерлер додасында эфиоп Мохамед Аман топ жарды. Оның көрсеткіші 1минут 43,31 секундты құраса, екінші орын алған америкалық атлет Ник Симмондс оған алты секунд ұтылды.  Мәртебелі үшінші орынға  Джибутилік Аянлех Сулейман  лайық болып шықты.

 


 

Шайбалы хоккейден еліміздің жоғары лигасында өнер көрсететін клубтар жаңа маусым алдындағы дайындыққа кірісіп кетті.  Қарағандының «Шахтері»    Франция, Швейцария, Хорватия және Италия  клубтарымен  жолдастық кездесулер өткізбек.

Жоғары лиганың өзге клубтары да қарап отырған жоқ.  Көкшетаудың «Арланы» мен  Рудныйлық «Горняк» арасындағы жолдастық бәсеке 1:4 есебімен аяқталды. «Горняктің» сапында Дмитрий Маркелов, Михайл Гаврилов, Марк Беланже және Ренарс Демитерс мергендік танытты. Ал, мына сіздер тамашалап отырған жолдастық матчта Теміртаудың «Арыстаны» 4:1 есебімен «Алматы» клубынан  басым түсті. Қайта-қайта төбелеске жалғасқан бұл бәсеке  хоккейден гөрі  боксшылар жекпе-жегін еске түсірді. Нәтижесінде екі команда сапынан да ойыннан қуылған хоккейшілер аз болған жоқ.