Рамазан Макеев, көлік иесі:
— Менің құжаттарым дұрыс болмаған соң айыппұл жазып берді. Себебі көлік техникалық байқаудан өтпеген. Қырғызстанда ешбір кедергісіз жүре беруге болады. Ондай талап жоқ. Ал Қазақстанда қажет екенін білмедім.
Осылайша әрбір тоқтатылған көлік иесіне кемі 5 мың теңге айыппұл салынды. Көрші елдің техникаға қойылатын талаптары мен еліміздегі жол жүру ережелерінде айырмашылық бар болғандықтан оларға қатысты күрес күшейтілген. Енді кедендік декларация, сенімхат пен сақтандыру полисінен өзге техникалық байқау да жіті тексерілмек. Ал Қазақстанға кіріп үлгерген 300 мыңнан астам темір тұлпардың басым бөлігінде тиісті құжат жоқ екен. Сондықтан енді олар ұсталған соң айыппұл салынып, көлік айып тұрағына жөнелтілуде.