Шымкентте өз погонын жұлып алып жүргізушіге жала жапқан сақшы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өз погонын жұлып алып жүргізушіге жала жапқан сақшы сотталды

Шымкентте өз погонын жұлып алып жүргізушіге жала жапқан сақшы сотталды

Шымкентте жүргізушіге жала жаппақ болған жол сақшысы 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында көлікті тоқтатқан екі жол полициясының қызметкері көлік иесімен шекісіп қалып, өздерінің погонын жұлған еді.

  • 15 Тамыз 2013
  • 332
Фото - Caravan.kz

— Машина артқа істеген кезде алады да менің погонымды жұлады. Сами погоны оторвали, погонды түсіріп алыңыз, пихнули мне.

Бұл жол сақшысы Мақсұт Мамедовтің өзінің лейтенанттық погонын жұлған соң, жүргізушіге жала жауып, сұқбат берген кезі. Әріптесімен бірге мұндай сорақылыққа барған олардың өтірігі шығып қалып, екеуі де тексерілген болатын. Айта кетейік, сол кезде бұл іс тіпті Елбасының да назарына алынған еді. Бүгін, біреуге ор қазамын деп, өзі түскен жол сақшысына қатысты сот үкім шығарды. Ал оның серігі әлі іздеуде.


Мадияр Әбдірасылов, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы:

— Ол кісіге түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқынан 5 жыл мерзімге айрылады.