Астанада атышулы лаңкестерге қатысты үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада атышулы лаңкестерге қатысты үкім шықты

Астанада атышулы лаңкестерге қатысты үкім шықты

Бүгін Астанада бүкіл қаланы аяғынан тік тұрғызған лаңкестерге қатысты үкім шықты. 6 адамнан тұратын топ Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайын, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ғимаратын, сондай-ақ жаңадан ашылған опера және балет театрын жарып жіберуді жоспарлаған. Бүгін сот осы іске қатысты соңғы нүкте қойды.

  • 15 Тамыз 2013
  • 352
Фото - Caravan.kz

Топ жетекшісі Серік Қошалақов мешіт маңында лаңкестік әрекетті жүзеге асыру үшін үгіт жұмыстарын жүргізген. Ал, оның сыбайласы  Әли Шәріпов әлі кәмелетке толмаған әйелін Опера және балет театрының ашылуында өз-өзін жарып жіберуге дайындаған. Мәдени ошақтың ашылуына еліміздің бірінші басшылары қатысқанын айта кетейік. Сот барысында лаңкестік топтың барлық әрекеттері толық дәлелденіп, топтың жетекшісі Серік Қошалақов пен оның сыбайласы Әли Шәріпов 10 жылға сотталды. Ал, топтың басқа 4 мүшесі 5 пен 9 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Дегенмен айыпты тараптың туыстары үкіммен келіспей қарсы шағым түсіретінін жеткізсе, сотталғандардың өзі соңында мынадай жауап қайтарды: 


– Сот шешімімен келісесіз бе?

— Аллаху акбар! Аллаху акбар! Жена Масонам смерть..