Қытай Төрағасы Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келуді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Төрағасы Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келуді жоспарлап отыр

Қытай Төрағасы Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келуді жоспарлап отыр

2013 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Нұрлан Ермекбаев осы елдің Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті.

  • 15 Тамыз 2013
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қытайдың сыртқысаяси ведомство басшысының Қазақстанға жасайтын ресми сапарына және 2013 жылдың 6-8 қыркүйегіне жоспарланған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелерін талқылады.


Ван И екі ел басшыларының кездесуі соңғы жарты жылда екінші рет болатынына ерекше көңіл аударып, бұл қазақстан-қытай қатынастарының жоғары деңгейін дәлелдейтінін атап өтті. Ол ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дамуының негіздері айқындалатынына сенім білдірді.