Қазақстандық дзюдошылар Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді - Италия - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық дзюдошылар Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді - Италия

Қазақстандық дзюдошылар Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді - Италия

Италияның Турин қаласында тамыздың 2-12 аралығында өткен ардагерлер арасындағы алғашқы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошылар жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Бұл додада қазақстандықтар жарыс қожайындары - итальяндықтардан, Бразилия және Ресей командаларынан басым түсті.

  • 15 Тамыз 2013
  • 401
Фото - Caravan.kz


Қазақстан құрамасының қоржынында жекелей сында 3 алтын мен 1 қола медальдар бар.

Шығыс Қазақстан кеден департаментінен хабарлағандай, дзюдодан Қазақстан құрамасының сапында олардың қызметкерлері — Руслан Сейілханов, Ержан Омарбаев пен Болатбек Жаманбаев қатысқан.

Ардагерлер арасындағы WorldVfstersGames ойындары алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыс спорттың 24 түрі бойынша өтті. Оған әлемнің жер-жерінен барлығы 28 мың спортшы қатысты.