Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Таразда ауа райының өзгеруіне байланысты дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

  • 15 Тамыз 2013
  • 497
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысының ТЖД тамыздың 15, 16 және 17 облыстың аудандары мен Тараз қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрден 23-28 м/секундқа дейін күшейеді деп хабарлап отыр.

Жамбыл облысының ТЖД облыс және аудан орталықтарының әкімдеріне, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет жетекшілеріне алдын алу шараларын жүргізу қажеттігін айтып, хат жолдады. Халыққа ұялы байланыс операторлары арқылы SMS хабарлаамалар жіберілуде.

Жамбыл облысы бойынша ТЖД халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.