«Унибокс» ЖШҚ бірлескен кәсіпорны компаниясы мен Қарағанды облысы компанияларының бірімен құны 900 мың еуро сүт сауатын құрылғыны жеткізуге келісімшарт жасалды. Бұл осы саладағы алғашқы бірлескен жоба болып табылады. Минск облысының аумағында өндірілген құрылғылар мен сауын залы беларусь тарапының құжаттары мен технологиялары бойынша Қазақстанда салынатын фермада орнатылатын болады.
Бұл жобаны Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев мақұлдады.
Сонымен қатар, тараптар Қарағанды облысында Минск облысымен бірлескен сүт өңдеу зауытын салу мүмкіндігін қарастыру бағытында жұмыстар жасауға келісті. Бұл сұрақ әзірге талқылану үстінде.