Ресейлік мамандар Байқоңырда "Протон" құлаған орында детоксикациялау жұмыстарын жалғастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік мамандар Байқоңырда "Протон" құлаған орында детоксикациялау жұмыстарын жалғастыруда

"Протон М" зымыраны апатының салдарын реттеу жөніндегі Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров төрағалық еткен көшпелі жиында бейсенбіде Байқоңырда зымыран құлаған орында детоксикациялау жұмыстарының үшінші кезеңін жүргізу туралы шешім қабылданды.
           Отырыста Ресей федералды ғарыш агенттігі басқармасының бастығы Анатолий Белоконь детоксикациялау жөніндегі жұмыстардың екі кезеңінің нәтижелері туралы айтып берді және ол жұмысты жалғастыру қажеттілігіне тоқталды.
           Жағдайдың біршама тұрақталғандығы атап өтілді.
           Республикалық "Ғарыш экология" кәсіпорнының директоры Жайлаубай Жұбатов өз сөзінде детоксикациялаудың екінші кезеңі жүргізілген соң қазақстандық сарапшылардың алған нәтижелері ресейлік жақтың нәтижелеріне ұқсас, деп атап өтті.
           Отырысты қорыта келе Н.Қаппаров баспасөз мәслихатында жүргізілген жұмыстарға көңілінің толатындығын атап өтті.
           Біздің комиссия жағдайды назарынан тыс қалдырмайды, қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологияға келтірілген шығынды есептеуде, деді министр.

  • 15 Тамыз 2013
  • 620
Фото - Caravan.kz