Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте — 211,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда — 208,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде — 198,0 мың теңге (1,8 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді — 56,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8 пайызға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді — 197,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұның шамасы 79,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,7 пайызға кем.