Соққыға жығылған «Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы есін жиды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соққыға жығылған «Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы есін жиды

Соққыға жығылған «Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы есін жиды

Алматы қаласында аяусыз соққыға жығылған футболшының Қырғызстаннан бүгін анасы мен бір топ достары келді. Эмель Кенжесариевті өлімші етіп сабаған бұзақыларды енді олар да іздеуге кіріспек. Айтуларынша, аяқ допшы бұрын соңды ұрыс-төбелеске мүлдем жоламаған. Сондықтан, жағдайдың анық-қанығын достары аяқ допшының өзінен естіп білуге асығып отыр.

  • 16 Тамыз 2013
  • 389
Фото - Caravan.kz

Достары «Ақтөбе» қорғаушысының бүгін есін жиғанын айтады. Десе де, дәрігерлер сөйлесуге рұқсат бермеген. Қатты соққы салдарынан спортшы әлі де есеңгіреген күйде жатыр. Бас жарақаты жазылмайынша, мазалауға болмайды. Сондықтан, Бішкектен келген әжесі мен анасы оны тек сыртынан ғана көре алды. Естеріңізге салсақ, «Ақтөбе» футбол клубының белсенді футболшысы Алматыда өлімші халде жол бойынан табылған еді. Дене жарақаттарына қарағанда, белгісіз біреулер жігітті әбден соққының астына алған. Полицейлердің айтуынша, бұл қасақана әрекет болуы мүмкін.


Бақыт Бекбердинов, Эмель Кенжесариевтің досы:

— Емел өте кішіпейіл жігіт. Ешқашан да дөрекі қылық танытқан емес. Оның мұндай жағдайға душар болғанын естігенде біз сенбедік. Енді ертерек сауығып кетуін тілеп отырмыз.