Атырау: Сот Теңіз кен орнындағы зауыттың мәжбүрлі тоқтатылуын заңсыз деп тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау: Сот Теңіз кен орнындағы зауыттың мәжбүрлі тоқтатылуын заңсыз деп тапты

Атырау: Сот Теңіз кен орнындағы зауыттың мәжбүрлі тоқтатылуын заңсыз деп тапты

Атырау облысының соты Теңіз кен орнындағы қабыршақты күкірт өндіру бойынша «Каспиан Салфа Компани» зауытының мәжбүрлі тоқтатылуын заңсыз деп таныды.

  • 16 Тамыз 2013
  • 461
Фото - Caravan.kz


Еске сала кетейік, оқиға зауытта 27 мамыр күні болды. Өзінің әрекеттерін кәсіпорынның құрылтайлық құжаттарына өзгерістер енгізу қажеттігімен түсіндірген жеке сот орындаушы зауыттың мүлкіне сүргі салып, оның жұмысын тоқтатқан болатын.

Тек қалалық соттың шешімінен кейін ғана зауыт жұмысын қалпына келтірді. Алайда сот орындаушысы қалалық соттың осы іске қатысты үкімімен келіспей, жоғары инстанцияға шағымданған. Шағымды қараған облыстық соттың судьясы Бағила Нұржанова жеке сот орындаушысының зауыт жұмысын тоқтатып, оған сүргі салу әрекеттерін заңсыз деп тапты.