«Астана Опера» жаңа маусымға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» жаңа маусымға дайындалуда

«Астана Опера» жаңа маусымға дайындалуда

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры елорда тұрғындары мен қонақтарына классикалық бидің жаңа театрлық маусымын ұсынады. Бұл туралы astana.kz сайтына МОБТ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Тамыз 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz

Театрдың жаңа маусымында классикалық бидің табынушылары «Астана Опера» театрының мың бұралған балет жұлдыздарының асқан шеберліктеріне куә болады. Атап айтқанда, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Premio Roma Italy 2 сыйлығының Лауреаты Мәдина Басбаева; ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина; Болгарияда балет әртістерінің 25 халықаралық байқауының лауреаты Әйгерім Бекетаева; ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейтбеков; Новосібірде өткен балет әртістерінің халықаралық байқауының диполманты, Юрий Григоровичтің «Молодой балет мира» VI халықаралық байқауының дипломанты Тайыр Гатауов; Франция, Ресей, Болгария және Венгрия халықаралық байқауларының лауреаты Сержан Кауков.

«Осындай дарынды әртістердің қатысуымен жоғары кәсіби деңгейдегі спектакльдерді қою керек. Театр Юрий Григорович қойылымындағы «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасын өткізіп, бірден осындай деңгейдегі балет спектакльдерін қою мүмкіндігіне ие әлемнің А сериалы театрларының үздік бестігіне кірді», — деп атап өтті«Астана Опера» театрының бас балетмейстері Тұрсынбек Нұрқалиев.

Көрермендер келесі балет спектакльдерін тамашалай алады: неоклассика стилінде жұмыс жасайтын, қазіргі заманның әйгілі балетмейстері — Борис Эйфман қойылымындағы «Роден»; Францияның Құрметті Легион Орденінің иегері — Шарль Жюд қойылымындағы «Ромео мен Джульетта». Сценография және костюмдер әзірлеумен қазіргі заманғы әйгілі итальяндық сценограф Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші, «Оскар» сыйлығының иегері Франко Скуарчапино сынды әлемдік тұлғалар айналысып, оларды жоғары деңгейде жасамақ.


Перейти к новостям спорта