ШҚО-да «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы ашылды

ШҚО-да «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы ашылды

Бүгін Өскеменде «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы ашылады. Форум Өскеменде ғылыми-практикалық конференциямен басталмақ, оған 20 елдің 400-ден аса өкілі қатысады деп күтілуде.

  • 26 Тамыз 2013
  • 558
Фото - Caravan.kz

Шараға 45 мәртебелі мейман шақырылды. Олардың арасында ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі академиясының прзиденті Шәкір Ыбыраев, ҚР Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Жапония, Оңтүстік Корея, ОАР мемлекеттерінің елшілері бар.

Ертең, яғни форумның екінші күні Қатонқарағай ауданының Берел ауылында «Патшалар алқабында» музыкалық фестивалімен жалғаспақ. Онда түркі тілдес мемлекеттерден келген 90-нан аса өнерпаздар өнер көрсетеді.

Бұл Қазақстандағы Алтайда өтіп жатқан түркітілдес халықтардың екінші форумы. Бұдан бұрын айтылғандай, «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» форумын екі жылда бір рет өткізіп тұру шешімі қабылданған болатын.


Уақыт көрсеткендей, форум тарихымыздың ақиқатын анықтап, талқыға салатын ғылыми алаңға айналып отыр. Бұл шараны өткізу Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің қазақ тарихын жаңа көзқарас тұр­ғы­сынан қайта зерделеуге байланысты берген тапсырмаларымен үндесіп отыр.

Перейти к новостям спорта