Қордай асуындағы жол-көлік оқиғасына себепкер болған жігітке жүргізуші куәлігін берген тұлғалар жауапкершілікке тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.28
  • 537.53
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қордай асуындағы жол-көлік оқиғасына себепкер болған жігітке жүргізуші куәлігін берген тұлғалар жауапкершілікке тартылады

Қордай асуындағы жол-көлік оқиғасына себепкер болған жігітке жүргізуші куәлігін берген тұлғалар жауапкершілікке тартылады

Жамбыл облысы Қордай асуындағы 10 адамның өліміне себепші болған жол-көлік оқиғасына кінәлі 19 жастағы жігітке жүргізуші куәлігін берген тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 387
Фото - Caravan.kz

«Шу ауданының 19 жастағы тұрғынына жүргізуші куәлігін беріп, оқытқан автомектеп пен жол полиция қызметкерін жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде. «Ауди» көлігін басқарып келе жатқан жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып, екінші «Ауди» көлігімен соғылған. Бұл апаттан 10 адам қаза болды», — деп түсіндірді Жамбыл облысы ІІД басшысы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов.

Тексеріс барысында, 19 жастағы Т. есімді жүргізуші «Құқық және бизнес» гуманитарлық колледжінде жүргізу курсын аяқтағаны туралы куәлікке ие болған. 2012 жылдың мамыр айында Шу АІІБ-нің А. есімді мемлекеттік автоинспекторы оған жүргізуші куәлігін тапсырған.


Еске сала кетсек, өткен аптада өңірде екі ірі жол апаты болды, онда барлығы 22 адамның өмірі қиылды, 34-і жарақат алды.