Қызғаныштан күйінген ер адам көңілдесінің үйін өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызғаныштан күйінген ер адам көңілдесінің үйін өртеп жіберді

Қызғаныштан күйінген ер адам көңілдесінің үйін өртеп жіберді

Алматы облысы Текелі қаласының ішкі істер бөліміне тұрғындардың бірінен үйінің өртенгені және оны өзінің танысы қасақана өртегені жайлы арыз түсті.

  • 11 Қазан 2013
  • 377
Фото - Caravan.kz

Абырой болғанда дер кезінде келген өрт сөндірушілер үйдегі жалынды сөндіріп үлгерген. Ұсталған ер адам басында полицейлерге үйді қасақана, әйелді сол жерде өздерімен бірге отырған бөтелкелесінен қызғанғаннан өртеп жібердім десе, артынан ол сөзінен айнып, үйді абайсызда, темекінің ұшқынын жерге түсіріп алып, өртеп алдым деп шыға келді.

Әсілінде қалай болғанын енді полицейлерге тергеу арқылы анықтауға тура келеді. Ұсталған адамға қатысты әзірге «ешқайда кетпеу туралы» шара қолданылды.