Биылғы 9 айда ІЖӨ 5,7 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы 9 айда ІЖӨ 5,7 пайызды құрады

Биылғы 9 айда ІЖӨ 5,7 пайызды құрады

Алдын ала бағалаулар бойынша биылғы 9 айда ІЖӨ 5,7 пайызды құрады.

  • 11 Қазан 2013
  • 515
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан экономикасы өсімінің үрдісі сақталуда. Алдын ала есептеулер бойынша биылғы 9 айда ІЖӨ өсімі 5,7 пайызды құрады. Сыртқы факторлардың нашарлауы жағдайында еліміз экономикасының өсімі қамтамасыз етілді. Бұл бірінші кезекте ішкі көздердің есебінен орындалды»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылмен салыстырғанда ел ішінде инвестициялық белсенділік жандана түсті. Биылғы 9 айда негізгі капиталдағы инвестиция 7,9 пайызға артты. Бұл көрсеткіш 2009 жылғы дағдарыстан кейінгі ең жоғары өсім болып табылады.


«Үй шаруашылықтары тарапынан тұтыну көлемінің өсімі байқалып отыр»,-деді Е. Досаев.

Белгілі болғанындай, ағымдағы жылғы 9 айда қызмет көрсету саласындағы өсім 7,7 пайызды құрады.