ТПК: Ең үздік стипендия иегерлерін марапатттау рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТПК: Ең үздік стипендия иегерлерін марапатттау рәсімі өтті

ТПК: Ең үздік стипендия иегерлерін марапатттау рәсімі өтті

Бүгін Тұңғыш Президент қоры тағайындаған стипендия иегерлерін марапатттау рәсімі өтті. Биыл еліміздің 32 жоғары оқу орнынан 400 шәкірт ұсынылған. Соның ішінде «жүзден жүйрік» шыққан 80 шәкірт таңдалыпты.

  • 12 Қазан 2013
  • 319
Фото - Caravan.kz


Елбасы қорының марапатына лайық деп табылған студенттердің қатарында математика, физика, экология, медицина факультеттерінің студенттері мен магистранттары бар. Сонымен қатар болашақ журналистер, өнертанушылар мен актерлер де стипендиант атанды. Тың тақырыпта ғылыми ізденістер жасап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан бұл 80 шәкірт енді бір жыл бойы қордан 20 мың теңге көлемінде стипендия алып отырады. Айта кетсек, өткен жылы 30 студент осындай марапатқа ие болған.