Бала қай жаста шет тілін тез меңгеріп алады? - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бала қай жаста шет тілін тез меңгеріп алады?

Бала қай жаста шет тілін тез меңгеріп алады?

Зерттеу барысында анықталғандай, бала 2-4 жас аралығында жаңа тілді тез меңгеріп кете алады, деп хабарлайды meddaily.ru сайтынан.

  • 12 Қазан 2013
  • 533
Фото - Caravan.kz


Дәл осы жас аралығында баланың миы қарқынды дамитын көрінеді.
Род-Айленд штатындағы Браун университетінің ғалымдары бір жастан алты жасқа дейінгі 108 баланың бас миын зерттеген. Зерттеу барысында бала туғаннан кейін қалыптаса бастайтын миелин қабықшасы басты нысанға алынды.
Ғалымдардың болжауынша, миелин қабықшасы төрт жаста қалыптасып болады. Осыған сәйкес мидың ақпаратты қабылдауы төрт жасқа дейін екен.
Сондықтан да осы жас аралығында екі тілді ортада өскен балалар екі тілді де тез меңгеріп кете алады, себебі осы жаста балалардың миы қарқынды дамиды. 12 айлық балалардың сөздік қорында 50 сөз болса, 6 жасқа келгенде ол 5 мың сөзге дейін толығады екен.