Бірінші тұтанған автобусты жақын маңдағы полиция құызметкерлері жабылып жүріп, сөндіріп алса, екіншісіне де өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктерінің жетуі мұң болған. Себебі қызыл жалын тура кешқұрым, көлік кептелісі болатын мезгілде лап беріпті. Ал автобус жүргізушісі, көлік ішін қою түтін басқан кезде ғана тежегішті басыпты. Жолаушыға лық толы көліктен жан ұшыра сыртқа ұмтылған жұрт әйтеуір, зардап шекпеді. Ал өрттің күш алғаны сонша, автобустың қаңқасы да қалған жоқ. Қазір жұрттың жүрегін ұшырған апатты оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Оқиға куәгері:
— Өрттің қатты болғаны сонша, 5 минутта автобусты орап алды. Екі рет тарс еткен дыбыс естілді. Бір нәрсе жарылғандай болды. Үйлерге жақын болғандықтан, барлық тұрғындар шошып тұрды.