Шымкентте бүтін бір сауда орталығы отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бүтін бір сауда орталығы отқа оранды

Шымкентте бүтін бір сауда орталығы отқа оранды

Шымкентте сауда орталығы тұтастай өртеніп кетті. Құрылыс заттары, тұрмысқа қажетті дүниелер мен кілем сататын жердің түгі қалмай күлге айналған.

  • 16 Қазан 2013
  • 310
Фото - Caravan.kz

Өрт шыққан сәтте сауда орталығында сатушылар болмаған, сондықтан, ешкім зардап шекпеді. Оқиға орнына құтқару қызметі лезде жетіп, 20 минут ішінде жалынды сөндіріп үлгерді. Дегенмен тез тұтанатын материалдан жасалған ғимарат түгел жанып, тек қаңқасы ғана қалған. Жалын шамамен 260 шаршы метр жерді шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі мен келген шығын көлемі тексеріліп жатыр. Ал барынан айрылып, тақырға отырған саудагерлер күлге айналған тауарының құнын алдағы бірнеше жылда өтей алмаймыз деп ашынады.


— Мына жерде сақталған тауардың түрі де жоқ, өзің қарашы. Сақталғанға ұқсай ма мынаның бәрі, қара. Міне, күйіп кеткен, міне. Жанбай күйіп қалған. Сен мысалы мынадай кілем аласың ба үйіңе? Алмайсың дұрыс па? Сол сияқты мынаның бәрі жарамайды уже.