Өрт жарты сағаттың ішінде ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының алты адамы тартылды. Жалын шарпыған аумақ 16 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан иіс тиген 2009 жылы туған бала табылып ауруханаға жеткізілді. Алайда ол көп ұзамай көз жұмды.