Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 16 Қазан 2013
  • 387
Фото - Caravan.kz

Сапар мақсаты — еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің өзекті мәселелерін түсіндіру.

Министр Салидат Қайырбекова өңірге сапары барысында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің оқу-клиникалық орталығын, кітапханасын, жатақханасын, молекулярлық-генетикалық зертханасын және компьютерлік орталығын аралайды. Министр медициналық жоғарғы оқу орнында студенттермен, резиденттермен, магистранттармен, докторанттармен және жас дәрігерлермен кездесіп, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің даму үрдісін түсіндіреді.


Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова жұмыс сапары барысында «Гиппократ» дәріханасын аралап, Қарағанды облысының амбулаториялық-емханалық ұйымдарының жетекшілерімен кездесу өткізеді.