СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Бокстан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында үш бірдей боксшымыз финалға жолдама алды. 49 келіде жұдырықтасқан Біржан Жақыпов жартылай финалда кубалық Йосвани Вейтиюға еш мүмкіндік бермеді.

  • 26 Қазан 2013
  • 408
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ 64 келідегі Мерей Ақшалов барзилиялық Эвертон Лопесті айқын ұтты. Ал 75 келідегі үмітіміз Жәнібек Әлімханұлы шаппай бәйге алды. Ол жартылай сында Англия өкілі Энтони Фаулермен қолғап түйістіру керек болған. Бірақ қазақстандықтың қарсыласы жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпайтынын мәлімдеді. Өкінішке орай 56-келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Қайрат Ералиев азербайжандық Явид Чалабиевке ұпай санымен жол беріп әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.   

 

 

Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында голландияның “АЗ” командасын қабылдаған қарағандылық “Шахтер” бұл жолы да жеңісті есепті ұстап қала алмады. Өз тобында  жалғыз ұпаймен соңғы орында тұрған Виктор Кумыков шәкірттері Астана-Аренада үш ұпай олжалайтын тамаша мүмкіндікті құр жіберді.

Матчты сәтті бастаған кеншілер алғашқы минуттарда бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бірақ қақпашымен бірге-бір шыққан Геворг Казарян мен Сергей Хижниченкода ұрымтал тұстан мүл кетті. Десе де шабуылды доғармаған “Шахтер” 11-ші минутта алға шықты. Гедиминас Вичустың ауттан ойынға қосқан добына бірінші жеткен Андрей Финонченко болатын. Бірақ үзіліске дейін қонақтар таразы басын теңестіріп кетті. Қарағандылық қорғаушыларды шаң қаптырған Йохан Гудмундсон. Біздің топтағы өзге матчта “ПАОК” 3:2 есебімен “Маккабиден” басым түсті.