Солардың бірі Мэриленд институтында патенттелген мына электронды кітапты қазір еліміздегі мектептердің 36 пайызы пайдалануда. Қазақ ғылымның осындай жетістіктері «Парасат» холдингінің 5 жылдығына орай өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге сондай-ақ медицина саласындағы жаңа құралдар, электр үнемдегіш шамдарға дейін қойылған. Экологиялық қауіпсіз бұл шам қазір сынақтан өтіп жатыр екен. Сәтін салса күнделікті қолданысқа шығарылатын болады.