Мақатта мешіт қиратылып, Құран сөздері жазылған тақтайшалар табан асты етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақатта мешіт қиратылып, Құран сөздері жазылған тақтайшалар табан асты етілді

Мақатта мешіт қиратылып, Құран сөздері жазылған тақтайшалар табан асты етілді

Атырау облысының Мақат ауданына қарасты Байшонас ауылында әлдекімдер мешітті қиратып, ондағы Құран сөздері жазылған тақтайшаларды табан астына тастаған. Қазір құлшылық орыны жұртта қалған ит-құстың ордасына айналыпты.

  • 26 Қазан 2013
  • 519
Фото - Caravan.kz


Мұнай өндірісінің қарқынды дамуына байланысты 1931 жылы ірге көтерген ауыл енді болашағы жоқ елді-мекеннің қатарына кіріп отыр. Мұндағы 400-ге жуық отбасы бір жылдың ішінде биліктің бастамасымен түгелдей Атырау қаласына көшірілген. Байшонастың соңғы тұрғыны осыдан 20 күн бұрын Атырауды бетке алыпты. Қазір ауыл түгелдей үйіндіге айналған. Елсіз қалған елді-мекенде әзірге 1 жыл бұрын толық жөндеуден өткен мектеп пен балабақша ғимараты ғана аман. Бірақ олардың да қанша уақытқа дейін қалқайып тұратыны белгісіз.