— Мені жағамнан ұстап көлікке күштеп отырғызды. Жол бойы ұрды. Қарсылық білдірсең өлтіреміз деді. Жолда бірнеше шөлмек арақ сатып алды.
Қала сыртына шығып араққа сылқия тойып алған 5 жігіт, жүкті қызды кезектесіп зорлаған. Сөйтіп, қас қарая көлік шақыртып, ақысын өзі береді деп жәбірленушіні таксиге салып жіберіпті. Әрі қарай қызға сол такси жүргізушісі ойына келгенін істеген. Ауыр жарақаттан бойжеткен құрсағындағы шаранасынан да айырылды. Сот осы қылмысқа қатысы бар 6 жігіттің тек үшеуіне үкім кесіп отыр. Топқа жетекшілік етті деген күдікті енді 13 жылын, тағы екеуі 10 және 5 жылын қатаң тәртіптегі колонияда өткізуі тиіс. Ал қалған үшеуі жәбір көрген қыздың ата-анасымен келісімге келіп, жазадан құтылған. Арасында такси жүргізушісі де бар.