Қарағанды облысында болған жол апатынан Жапонияның екі азаматы қаза тауып, тағы бір шетелдік зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында болған жол апатынан Жапонияның екі азаматы қаза тауып, тағы бір шетелдік зардап шекті

Қарағанды облысында болған жол апатынан Жапонияның екі азаматы қаза тауып, тағы бір шетелдік зардап шекті

Қарағанды облысының «Қарағанды-Жезқазған» тас жолында жол апаты орын алды. Апат салдарынан Жапония елінің екі азаматы қаза тауып, тағы бір азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Қарағанды облысының ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков.

  • 28 Қазан 2013
  • 313
Фото - Caravan.kz

«Жол апаты кеше кешке Ақсой ауылының маңында орын алды. «Тойота Хайлюкс» көлігінің жүргізушісі шөп тасып жүрген трактордың тіркемесіне соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында алған жарақаттардан «Тойота» көлігінің үш жолаушысы көз жұмды, олардың екеуі — Жапон елінің азаматтары, біреуі — Алматы облысының тұрғыны», — деді Ж. Сембеков.

Сонымен бірге, апаттан «Тойота Хайлюкс» көлігінің жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы — Жапония азаматы жарақаттанды. Олар Топар поселкесінің ауруханасына жеткізілді.